Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының индексі пайда болды 

Алматыда 13 ақпан күні сағат 9:00 шамасында үш автобус пен бір жеңіл көліктің қатысуымен ірі жол-көлік апаты болды. Соның салдарынан 17 адам зардап шекті. Бұл қаладағы Index Dtp.kz жол-көлік апатының көрсеткішін арттырып, басқа да жазатайым оқиғалармен бірге көрсеткішті 9 баллға дейін көтерді. Осы деңгей алты сағат бойы, 14:00-ден 20:00-ге дейін сақталды, осы аралықта қалада үлкен кептеліс болды. Көрсеткіш сағат 23:00-ден кейін 1-ге түсті. 

Бұған дейін 2024 жылдың 8 ақпанында Астанада күшті қарлы боран мен көктайғақ салдарынан 250-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. 1–7 ақпан аралығында болған елордадағы жазатайым оқиғалардың индексі 10 балл шамасын көрсетті. 

Ағымдағы жылдың ақпан айының басынан бері Dtp.kz орташа индексі Алматыда 7,8 балл деңгейінде болды. Астанада ақпан айында екі аптадағы апаттың орташа көрсеткіші 8,8 баллды құрады. Қазақстанның үшінші ірі қаласы Шымкентте ақпан айындағы апаттың орташа көрсеткіші 4,2 баллды құрады. Жалпы алғанда, индекс бүкіл ел бойынша 40 қалада бақыланады. Нақты уақытта ол 1-ден 10 ұпайға дейін өзгереді. Бұл сан неғұрлым жоғары болса, белгілі бір қалада жол-көлік оқиғасының орын алу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады. Ауа райы деректері де әрбір индекс көрсеткішінің жанында көрсетіледі. Индекс жаңбыр ықтималдығы, жел жылдамдығы, жауын-шашын түрі және т.б. сияқты критерийлерді ескереді. Сондай-ақ қазіргі таңда қалада орын алып жатқан апаттар саны да есепке алынған.

Биылғы жылдың қаңтарында Kerimbayev.com қосымшасы үшін  әзірленген Index Dtp.kz бөлімінде жазатайым оқиғалардың көрсеткішін бақылауға болады. Ол бір жыл бұрын құрылған және сақтандыру мамандары мен нарық қатысушыларына арналған. Қосымшаны әзірлеу бастамашысы сақтандыру сарапшысы, «Freedom Insurance» СК» АҚ Басқарма төрағасы Азамат Керімбаев болып табылады.

Бұл әзірлеменің көмегімен автокөлік иелері тұрғылықты қалада да, елдің басқа қалаларына сапарлар үшін де маршрутты жоспарлай алады. 

«Dtp.kz индексі Қазақстандағы жазатайым оқиғалардың жалпы көрінісін түсінуге және бақылауға көмектеседі. Ол жылдың, тәуліктің белгілі бір уақытында жазатайым оқиғаларға әсер ететін факторларды анықтауға, олардың санын қалай азайтуға болатынын және жазатайым оқиға кезінде адамдар мен мүлікке келтірілген шығынның салмағын түсінуге көмектеседі. Жол-көлік оқиғасы деңгейінің индексі қауіпсіз жүргізу ережелерін ұстанатын қарапайым көлік иелерін де қызықтыруы мүмкін. Әзірлеме оларға өз бағыттарын нақтырақ құруға және жоспарлауға көмектеседі», — деді қосымшаны жасаушы.

Анықтама:

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мәліметінше, 2023 жылы Қазақстанда 14 867 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ең көп жол-көлік оқиғасы өткен жылы Алматыда тіркелді – 3685. Бұл Астанадағыдан 5 есеге жоғары, осы кезеңдегі жол-көлік оқиғасы – 745

ҚР ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, Қазақстандағы жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі — жолдар мен инфрақұрылымның жағдайы. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, барлық жол-көлік оқиғаларының 73 пайызы елді мекендерде орын алады. Жол апатының екінші себебі – көлік иелерінің тәртібінің төмендігі. 2023 жылдың басынан бері жол полициясы 8,2 миллионнан астам жол қозғалысы ережесін бұзуды тоқтатқан.

Ауа райының аяқ астынан құбылмалылығы жолдағы апаттардың бір себебі болып табылады. Күзден көктемге дейін ауа райының қолайсыздығы жолдарда, әсіресе қалааралық бағыттарда жүруді қиындатады. Жолдардағы жағдайларды болжау құралдарының бірі жол-көлік оқиғасының деңгейі туралы қажетті деректерді беретін Index Dtp.kz болуы мүмкін. 

Новости партнеров