Қазақстанның сақтандыру нарығындағы жасанды интеллект және басқа да революциялық өзгерістер

Қазақстандық сақтандырушылар жасанды интеллектіні (ЖИ) бизнес-процестерге белсенді түрде енгізуде. Бұл туралы бейсенбіде өткен журналистермен кездесуінде «Freedom Insurance» АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев айтты.

Компания ЖИ мүмкіндіктерін фотосуреттерден көлік зақымдануын оқуға арналған бағдарламада пайдаланады. Бұл зақымдану дәрежесін және сәйкесінше клиентке сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Бағдарлама зақымданудың бар немесе жоқтығын, оның көлемін анықтау үшін үйретілген, сонымен қатар, ашық ChatGPT үлгісіне қосылды. Ол бірден зақымданудың болғанын, оның дәрежесін көре алады. Зақымдану анықталған кезде шығын көлемін анықтап, төлеу үшін мамандар өз жұмысын кіріседі. Жобаның келесі кезеңі — зақымданудың мөлшерін автоматты түрде анықтау, қазір осы бағытта үлкен жұмыс жүргізілуде. 

Бұдан басқа да цифрлық шешімдер белсенді түрде енгізілуде. Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – корпоративтік бизнесті сақтандыруды цифрландыру. Мұнда 2025 жылы аяқталады деп жоспарланып отырған мемлекеттік деректер базасымен интеграцияны жүргізу. Осылайша, Freedom Insurance өз жүйелерін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитетімен, Сот кабинетімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу және Корпоративтік деректер агрегаторымен біріктіруді жоспарлап отыр. Осы базалардың деректерін пайдалана отырып, сақтандыру компаниясы заңды тұлғаның портретін көреді және онымен сақтандыру полисіне қол қою туралы шешім қабылдайды.

Азамат Керімбаев келесі жылы нарықта күтілетін басқа да өзгерістерге тоқталып өтті. Біріншісі – автокөлікті сақтандыруға қатысушылардың жабық тізімін енгізу. Бұл өз көлігін белсенді пайдаланатын және сақтандыру компаниялары үшін ең тиімсіз жүргізушілер реттеушінің назарында болуы үшін қажет. Көбінесе бұл санатта такси компанияларының такси жүргізушілері.

Реттеуші кеңейтілген әрекеттер полисін енгізуді жоспарлап отыр. Ол дегеніміз — бір көлікті бірнеше адамға жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл полистің бағасының өсуіне әсер етеді және сақтандыру компаниялары үшін өнімнің тиімсіздігін басқаруға көмектеседі. 

Сондай-ақ сақтандыру компаниялары әрбір полис үшін жарнаны заңмен белгіленген мөлшерлеменің 50%-на дейін арттыру  немесе төмендету мүмкіндігіне ие болады. Бұл клиенттердің шамамен 70-80%-ы үшін сақтандыру бағасына жеңілдіктер береді. Бұл шешім келесі жылы автосақтандыру нарығына әсер етеді, өйткені полистердің бағасы өзгереді және сақтандыру компаниясын таңдауда шешуші фактор болмайды. «2025 жылы басты факторлардың бірі жол-көлік апатынан кейін төлемді алу жылдамдығы болады. Мысалы, төлемдер 5 күн ішінде қабылданатын DTP.kz сервисі. Базаларды пайдалану қызметтің қолжетімділігін арттырады. Олардың көмегімен бағасы мен қызмет көрсету деңгейіне қарай лайықты сақтандыру компаниясын таңдауға болады», — деп атап өтті сақтандырушы.

Нарық жеке тұлғалар үшін бөліп төлеу жоспарын енгізуді де күтеді. Клиент сақтандыру полисін сатып алып, оның жарамдылығын ай сайын жазылу форматында жаңарта алады.

Сонымен қатар 2025 жылы автокөліктерді уақытша кіргізу үшін бірыңғай сақтандыру пулын енгізу жоспарлануда. Қазір өнімнің шығын коэффициенті төмен, ал сақтандыру компанияларының делдалдарға төлейтін агенттік сыйақы мөлшері шамамен 70%, бұл жоғары көрсеткішті көрсетеді. «Реттеуші нарықтың ашық болуын қалайды. Бұл операцияларды жою және тарифті әділ ету үшін әрі компаниялар тәуекелдерді жай ғана қабылдайтын бірыңғай сақтандыру пулын енгізу жоспарлануда. Активизация және агенттер деген ұғымдар болмайды», — деп баса айтты спикер. 

Нарықта белгілі бір көлемде ақша үшін «көмек» көрсетіп жүрген  «көмекшілермен» күрес аясында құжаттар мен төлемдерді жинау функцияларын тек ресми лицензиясы бар сақтандыру брокерлеріне беру жоспарлануда. 

Елімізде медициналық тексеру процедурасын цифрландыруға қатысты өзекті мәселе бар. Егер адам медициналық тексеруді өткені туралы анықтама қағазын  бермесе, сақтандыру компаниясы осы тұста төлем жасаудан бас тартуы мүмкін. Freedom Insurance Қазақстан Республикасы Көлік министрлігімен бірлесіп, адамдарды тасымалдайтын барлық көлік компанияларын өз жүргізушілерін күн сайын сапар (рейс) алдындағы тексеруден өтуін міндеттейтін заң жобасын әзірледі. Бұл жолаушыларды тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және сақтандыру төлемін жасауға негіз болады.

MED365 — сапар (рейс) алдында жүргізушілерді медициналық тексеруден өткізетін компаниясы (Freedom Finance холдингінің бөлігі) процесті цифрландыру бойынша пилоттық жобаға қатысуда. «Яндекс.Такси» компаниясымен бірге 2 мамырда Алматы, Астана, Шымкент қалаларында пилоттық жүйе іске қосылады. Жанар-жағармай құю станциялары желісінің пункттерінде тексеруге арналған жабдықтары бар медицина қызметкерлері болады. Белгіленген орындардағы құрал-жабдықтар мемлекет тарапынан сертификатталады. «Яндекс.Такси» жүргізушілері үшін процедурадан өтуі міндетті және оның нәтижесі жүргізушіні рейске шығу немесе шықпауына әсер етеді. Егер көрсеткіштер нормадан ауытқуларды көрсетсе немесе адам тексеруден мүлдем өтпесе, онда «Яндекс.Такси» ол жүргізушінің аккаунтын жұмысқа қоспайды.  

Алдағы уақытта компанияның клиенті жол-көлік апатына ұшырайтын болса, ол осы пункттердің бірінде медициналық сараптамадан өтіп, оның нәтижесі сақтандыру компаниясына цифрлық түрде бірден түседі. Бұл оқиғаны  бірден тіркеуге және сақтандыру төлемін алуды жылдамдатады.  

Новости партнеров