ЕҚДБ ҚР Үкіметінің қолдауымен «Әйелдер микробизнесте» жобасы бойынша оқуға өтінім қабылдауды бастайды

ЕҚДБ мен Қазақстан Үкіметі кәсіпкер әйелдерді «Әйелдер микробизнесте «оқу бағдарламасына шақырады

Алматы, 2 мамыр. Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (ЕҚДБ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен «Әйелдер микробизнесте» оқыту бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдауды бастайды. Бұл бастама өз бизнесін дамытуға ұмтылатын және әртүрлі әлеуметтік немесе экономикалық кедергілерге тап болатын кәсіпкерлер үшін арнайы жасалған.

Ресми статистикаға сәйкес, бүгінгі таңда әйелдер Қазақстандағы микро, шағын және орта бизнес сектордағы кәсіпорындардың 49% -ын басқарады. Алайда, орта және ірі бизнесте олардың үлесі айтарлықтай төмен — сәйкесінше 36% және 19%.

«Біздің басты мақсатымыз, миссиямыз – қолжетімді және сапалы оқыту арқылы әйелдер басқаратын шағын кәсіпорындарға өсу мүмкіндігін беру, — деп атап өтті Қазақстандағы ЕҚДБ ШОБ дамыту бағдарламасының басшысы Алма Қасымова —  Бағдарлама кәсіпкерлерге өз құзыреттерін арттыруға және бизнестің одан ірі сегментіне көшуге мүмкіндік береді деп сенеміз».

Оқыту қазақ және орыс тілдерінде онлайн-форматта 5 ай бойы өтеді. Қатысушылар оқуды кез келген уақытта бағдарлама аясында бастай алады. Курс бизнестің негізгі аспектілерін қамтитын 6 модульден тұрады: маркетинг, сату, қаржы, персоналды басқару, операциялық басқару, стратегия, автоматтандыру және жасанды интеллект.

Аталмыш бағдарлама Қазақстанда үшінші рет өткізіліп жатыр. Алдыңғы жобалар 1500-ге жуық кәсіпкер әйелдерге өз дағдыларын нығайтуға және бизнестерін жақсартуға мүмкіндік берді. Жобаны «Диалог» тренинг және консалтинг компаниясы жүзеге асырады

Бағдарламаға өтінімдерді қабылдау қазіргі уақытта ашық және біз өз кәсіпорындарын дамытқысы келетін әйелдерді бастамаға қосылуға және жаңа білім мен дағдыларды игеру мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз.

Тіркелу және толық ақпарат платформа сайтында https://womenmicrobusiness.accelsite.io/

Анықтама:

Еуропалық Қайта Құру және даму банкі-30-дан астам елде жеке секторды және кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесетін көпжақты банк. Шағын және орта кәсіпорындарды дамыту бағдарламасы шеңберінде ЕҚДБ қаржылық және қаржылық емес құралдар жиынтығы арқылы бизнеске кешенді қолдау көрсетеді. Банк кәсіпорындарға өз бизнесі көрсеткіштерін жақсартуға тікелей көмек көрсетіп, ЕҚДБ операциялары елдерінде ШОБ-ты қолдаудың өміршең және өзін-өзі ақтайтын инфрақұрылымын құру үшін консалтинг нарығын дамытудың жүйелі жұмысын жүргізеді. 2013 жылдан бастап Қазақстанда ШОБ дамыту бағдарламасының негізгі доноры Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі болып табылады.

Байланыс:

БАҚ үшін: +7 777 750 00 08

Жоба мәселелері бойынша: +7 771 023 00 17

Новости партнеров