Маңғыстау облысының мектеп оқушылары Шахматтан Қазақстан чемпионатына қатысады

24.05.2023, Ақтау қаласы. Маңғыстау облысының мектеп оқушылары Шахматтан Қазақстан чемпионатына қатысады. Ол 2023 жылдың 27-28 мамырында Республикалық физикаматематика мектебінің негізінде, Алматы қаласы, Бұқар Жырау гүлзары, 36 мекенжайында өтеді.

Біздің мектеп оқушыларымызбен бірге мамыр айының ортасында еліміздің барлық облыстарында өткен аймақтық іріктеу турнирлерінің басқа да жеңімпаздары еліміздің ең мықты мектеп командасы атағын сарапқа салады.

Маңғыстау облысында өткен іріктеу матчтарында 190 қатысушының басы қосылып, олар 18 жасқа дейінгі және 12 жасқа дейінгі ойыншылар санаттарында 19 командадан жасақтады. Аймақтық іріктеу кездесулерінің қорытындысы бойынша Маңғыстау облысында ІТ мектеплицейінің командасы – 18 жасқа дейінгі санатта және №7 мектеп-лицейдің командасы 12 жасқа дейінгі оқушылар арасындағы жеңімпаз атанды. Жас шахматшыларымызға сәттілік тілейміз!

Спорттық іс-шараның бас серіктесі Freedom Holding Corp. Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырып отыр.

Мектеп командалары арасындағы ҚР чемпионаты туралы толығырақ ақпаратты Қазақстан шахмат
федерациясының ресми сайтынан білуге болады — https://kazchess.kz/ru/article/5750

Бұл чемпионат Мектеп командалары арасындағы шахматтан тұңғыш әлем чемпионатының
іріктеу турнирлерінің ұлттық кезеңіне айналады – ол да Қазақстанда, 2023 жылдың тамыз айында
өтеді. Оған әлемнің 50-ге жуық елінің мектеп оқушылары қатысады деп күтіліп отыр.

2016 жылдан бастап Қазақстан шахмат федерациясы «Мектептегі шахмат» пилоттық жобасын іске асырып отыр. Оған 153 мектеп және 1000-нан астам мұғалім қатысты. ҚР шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде шахматпен айналысатын оқушылардың санын арттыру көзделген. Бірінші кезеңде 1-4 сынып оқушыларының 20%-ға дейіні мектептерде шахматпен айналыса алады, кем дегенде 500 шахмат мұғалімі дайындалады және қайта даярланады деп жоспарланып отыр.

Байланыс деректері: Руслан Қыдырәлі, +7 701 312 60 72

Новости партнеров