Шахматтан Азия құрлықтық чемпионатының жабылу арналған
Сіздерді шахматтан Азия құрлықтық чемпионатының салтанатты жабылу және жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне шақырамыз. Іс-шара 11 маусым күні сағат 17.00-де Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Кіру тегін.
Салтанатты шараға Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) басшылығы, сондай-ақ Азия шахмат федерациясының президенті Шейх Сұлтан бин Халифа Аль-Нахайян қатысады. БАҚ өкілдеріне брифинг өткізу жоспарланды.
Блиц-турнирдің, ерлер арасындағы ашық чемпионат пен әйелдер арасындағы чемпионаттың жеңімпаздары марапатталады. «Азияның шахмат патшасынан» бөлек, жаздың соңында Бакуде өтетін FIDE-2023 әлем чемпионатының қатысушылары да анықталады.
Көрермендерді қызықты музыкалық шоу күтеді.
Күні: 2023 жыл, 11 маусым
Уақыты: сағ. 17.00
Мекенжайы: Алматы қаласы, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы, Абай даңғылы, 44, Байтұрсынов көшесінің қиылысы