«Sit Air: эргономика және жаңа деңгейдегі қол жетімділік – Еуропа мен Түркиядағы кеңсе креслолары нарығындағы революция!»

МЕТТА компаниясының ең жаңа әзірлеуі – Ergolife желісінің Sit Air креслолары нарыққа бұрын-соңды болмаған жаңалық әкелді. Бағасы қытайлықтардан төмен, олар жоғары эргономикалықпен және осы баға санатындағы ең жақсы еуропалық үлгілерге тән өндіріс сапасымен ерекшеленеді. Бұл үйлесімдік өндірісті оңтайландыру, роботтандыру және еңбек шығындарын азайту арқасында мүмкін болды.

Бұл ретте МЕТТА компаниясының қағидаттары қатаң сақталған: тек талғампаз дизайнды эргономикалық креслолар шығару. Sit Air кеңсе креслоларына қойылатын еуропалық EN 1335 стандарт талаптарына сәйкес келеді, бұл швейцариялық сәйкестік сертификатымен расталған. Енді авиациялық технологияны пайдалана отырып жасалған сенімді эргономикалық компьютерлік кресло ең төменгі бағамен қол жетімді.

Кресло сізге 10 сағатқа дейін шаршамай жұмыс істеуге мүмкіндік беру үшін арнайы жасалған. Арқасы мен орындықтың анатомиялық пішіні дене мүсінін қолдайды, денеге жүктемені біркелкі таратады, арқа мен аяқ бұлшықеттерге күш түсіруді азайтады, сөйтіп өнімділікті арттырады және денсаулықты сақтайды.

Авиациялық технологияларды қолдана отырып жасалған Sit Air креслоларында барынша жайлылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар бүкіл пайдалану мерзімінде креслоның эргономикалық пішінін сақтайтын қаптаманы созудың инновациялық технологиясы пайдаланылады. Тыныс алатын экологиялық таза материалдар экология талаптарына толық жауап береді және қалыпты термореттеуді қамтамасыз етеді, терлеуді және баздануды болдырмайды. Пайдаланылатын кір көтеретін «Italy» торы оңай тазаланады, ылғалға, шаңға және температураның ауытқуына төзімді.

Эргономикалық компьютерлік орындық
Эргономикалық компьютерлік орындық / Фото: metta-germany.com

Sit Air-дің тағы бір ерекшелелігі –таңдаудың байлығы. Осы баға диапазонындағы «әдеттегі» креслоларда «не берсе, соны ал» принципі әрекет етеді, бірақ Sit Аir желісі нұсқалардың мол жиынтығын ұсынады: конференц-залдар мен қабылдау бөлмелеріне арналған, операторларға, кеңсе қызметкерлеріне арналған, үйдегі кеңсеге арналған модельдер бар, сондай-ақ мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге арналған Sit Аir креслоларының ықшам модельдері бар.

Құрамбөліктерінің үйлесімділігі арқасында Sit Air орындықтарының мыңдаған нұсқалары компанияның сайтындағы конфигураторда қол жетімді. Мысалы, биіктігі мен ені бойынша креслолардың үш нұсқасының бірін таңдап, шынтақшаның нұсқаларын өз таңдауыңыз бойынша өзгертуге болады – 2D, 3D, 4D; бас тірегіштер – 2D және 3D; қосымша реттелетін 2D және 3D бел тіреулерін орнатуға болады.

Sit Аir креслосын синхромеханизммен жабдықтау креслоларда барынша түзелуге және жартылай жату күйін қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл күйде омыртқаға күш түсу азаяды, іш бұлшықеттері босаңсып, дененің іркілу аймақтарында табиғи қан айналымы қалпына келеді. Сонымен қатар арқаны барынша шалқайтқан кезде де EN 1335 Еуропалық стандартының талаптарына сәйкес артқа аударылмау тұрақтылығы сақталады.

МЕТТА креслоларының әр моделі эргономиканың барлық талаптарына жауап береді, ал жоғары сапалы материалдар мен өндіріс ұзақ жылдар бойы пайдалануға кепілдік береді. Осы баға диапазонындағы басқа кресло өндірушілерінің көпшілігінен айырмашылығы, компания таңқаларлық ұзақ мерзімге — 10 жылға кепілдік береді, ал Sit Air креслоларының қызмет ету мерзімі 15 жылдан асады.

Жоғары эргономикалық талаптарға сәйкестік, беріктік, жоғары сапа және сонымен бірге төмен баға Sit Air креслоларын Түркия мен Еуропадағы кеңсе және компьютерлік креслолар нарығында сөзсіз көшбасшы етеді.

Новости партнеров